Меню KDT

Қайрат орта мектебінің тарихы

 

         Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірібала тәрбиесі екені баршаға мәлім. Ал, осы игілікті істе бойында ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік қасиеті бар, ата-анасын, Отанын құрметтей білетін, ұлттық санасымен кісілік келбеті қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеубарша педагогтар қауымының төл міндеті. Яғни, осындай білімді оқушылар мен білікті ұстаздардың ортақ үйі, ол әрине, білім мен ғылымның қасиетті қара шаңырағы саналатын - мектеп. Ауыл мектебі білім мен тәрбие беру ошағы ғана емес, ауылдағы жалғыз рухани, мәдени орта. Сол себепті, ауыл мектебі әр бала арқылы  ауыл жұртшылығының, халқының да ой-өрісін кеңейтіп, рухани - саяси азық беретін орын. Бұл орайда ауыл мектептерінің көтерер  жүгі әлде қайда салмақты.  Ел өміріне еркін араласып, қоғамның қандай да бір қажеттілігіне жарайтын, дүниетанымы жоғары тұлғалы , білімді де тәрбиелі, саналы  етіп шығару  білім саласындағы басты мақсат. Мектептің  шын мәніндегі алтын ұяға айналуы, оның тыныс-тіршілігі мектеп  басшылары мен  ұстаздарға  байланысты. Осындай  киелі орындардың бірі - 1962 жылы  Қайрат ауылында    8 жылдық орыс мектебі  құрылған.  Ынтымағы мен бірлігі жарасқан  білім ошағының атақ-даңқын шығаратын - мектеп басшысы, яғни, директор. Ұжымның ұйытқысы  болып, терең  білімді, білікті мектеп басшысы 1962 -1970 жылға дейінгі аралықта Ибраев Олжабек Ибраевич мектеп директоры қызметін атқарған.

  Осы тұста жұмыс істеген ұстаздар: Әлжанова Тілектес, Енсебаев Шектібай Шаяхметович, Мутанов Әнуарбек Мутанович, Шарипов Ислямбек Шарипович, Иван Григорьевич, Панна Ивановна, Хромм Валентина Темофеевна. Осы орайда атақты педагог, ғалым В.А.Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп, ұстаздық өнерге ерекше баға берген. Расымен, Ұстаз – шәкірттердің жан дүниесін қалыптастыратын және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын азықтандыратын адам.

Молдахметов Қайыртай Молдахметович 1970 жылдан бастап 1974 жылға дейінгі аралықта мектеп директоры қызметін атқарған.

1974-1977 жылдар аралығында  Жусупов Қазтай Жусупович   директор қызметін атқарған  уақытта Қайрат ауылдық мектебі 10 жылдық қазақ  мектебіне ауыстырылды.

Бердібек Нұрқан Оспанович 1979 жылдан 1998 жылға дейінгі аралықта директор қызметін атқарған.

Искакова Бақыт Оразовна  1998 -2000 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарған.

2000  жылдан  бастап  өзінің  білімділігімен, парасаттылығымен,  кішіпейілділігімен көпшіліктің-ата-ана, ұстаздар мен оқушылардың сүйіспеншілігіне  бөленген  жан-Манова Салтанат Тохтаровна қазіргі уақытқа дейін Қайрат орта мектебінің директоры қызметін атқаруда.

 

 

Жыртылғанда «жұртым» деп жең мен жағаң,

Ұмтылды алға соңыннан ерген қоғам.

Аспаныңа күн болар түнек басқан,

Жастарына жалынды сенген бабам.

Тәлкегін мың көрсең де келте күннің,

Жан сезімнің пернесін шерте білдің.

Ғажап ақын жастарға сеніп өткен,

Аманатын ақтармыз сол сенімнің-

деп Мағжан атамыз жырлағандай жастық жігерін ел игілігі үшін жұмсап жүрген жалынды жастарымыз көп.

Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер –

      Мен жастарға сенемін!- деп жүрек лүпіліне жастарды бөлеген ақынның үміт артқан, медеу күткен, арқа сүйеп, рухани демеп кеткен бар сенері бүгінгі жас ұрпақ. Ғұлама ғалым, данышпан дәрігер, ержүрек ғарышкер, тілі бай шешен, ел басқарар көсемдердің барлығы жұмылып бір мақсат үшін әрекет етсе еліміз дамып, халық арасында жоқшылық пен кедейшілік азайып, бақытты ғұмыр кешетініміз айдан анық. Адам кім болып жұмыс істесе де барлығы маңызды, бірақ соның ішінде мемлекеттік қызметкердің жасаған жұмысының маңыздылығы басым болып келеді. Қайрат ауылында орта мектеп ашылғаннан бері 1981-2017 жылдар аралығындағы түлектеріміздің жоғары басшылық қызметте жүргендері:

1. Жұманова Бегаршын Қимашқызы-Еуразия университетінің оқытушысы, экономика ғылымдарының докторы.

2. Шарипова Анар Еслямбекқызы-Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы.

3. Шарипова Айнаш Еслямқызы-Англияда

4. Абилова Ғалия Тельманқызы -математика ғылымдарының кандидаты

5. Какимов Абзал Дүйсенұлы-Алматы  қаласы әкімшілік аппаратының қызметкері

6. Абилов Әлібек Тельманұлы-жеке кәсіпкер

7. Какимов Мұрат Кеңесұлы-әскери қызметкер

8. Хасенова Әсемгүл Хабделғазизқызы-Астана қаласы халықаралық банк қызметкері

9. Муканова Анаргүл Айтжанқызы-Астана қаласы аудармашы

10. Ғазизова Айнұр Абайқызы-Астана қаласы қаржы министрлігінің қызметкері

11. Алдабергенова Жанар Жексенбайқызы-Астана қаласы білім және спорт министрлігінің қызметкері.

12. Сматаев Әсет Ахметжанұлы -Есіл ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры.

13. Балпанова Сұлушаш Халелқызы-Павлодар қаласы жер қатынастары департаментінің бас маманы.

14. Досумбеков Ерлан Қадырұлы-Көкшетау қаласы Абай Мырзахмет атындағы университенің оқытушысы.

15. Қызкенов Ақылбек Амантайұлы-Жасқайрат мектебінің директоры.

16. Шагадатов Ерлан Маулиұлы-Степногорс қаласы бас хирург.

17. Досумбеков Альфараби Мұратұлы-Степногорск қаласы ішкі істер бөлімінің қызметкері.

18. Уәлиахметов Ақжолтай Елемесұлы-Көкшетау қаласы военкомат.

19. Болатова Арай Жұмкеқызы-Көкшетау университетінің магистр оқытушысы.

20. Төлеубаев Серік Сартайұлы-Степногорск қаласы спорт мектебінің директоры.

21. Тегжанова Гүлмира Қасиетқызы-Степногорск қаласы қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкері.

22. Жүсіпов Азамат Ақбердіұлы-Америкада.

23. Жусіпова Ақгүл  Ақбердіқызы-Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы.

24. Бітниев Ержан Қадырұлы-Қайрат селолық округінің әкімі.

   Мағжан атамыздың сөзін елбасының өзі басшылыққа алып, «Болашақтың кілті – жастардың қолында», «Ел ертеңі – білімді ұрпақ», «Тәуелсіздіктің мызғымас тірегі - жастарымыз» деп ылғи бастама көтеріп, жастарға көп қолдау көрсетіп, үлкен сенім білдіріп келеді. Әрине, біз егемен елдің егесіміз, қазақ деген ғажап халықтың ұлттық намысымыз, «ойы дауыл, сезімі аспан, тек жеңіспен көзін ашқан» жалынды жігеріміз, айбынды айбатымыз, қажырлы қайратымыз бар, көзімізде от ойнаған, білім деген сарқылмас бұлақтың суын қанып ішіп, биіктерге бойлаған тәуелсіз елдің тірегіміз.

Ендеше, елін сүйген біздей өскелең ұрпағы бар елдің ертеңі айқын, келешегі кемел, болашағы жарқын болғай.

 

Мектеп директоры

Опрос

Статистика

  • Осы айда20
  • Осы аптада6
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки