"Bolashaq saraiy"-нда 2012-2013 және 2014 жылдары туған және одан кіші жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық қалалық турнир өтті. Бұл турнирде 42 кг салмақ бойынша біздің мектептің 4 сынып оқушысы Сансызбай Жахангер 1 орынға ие болды.
Наурыз – әлемдегі ең көне мерекелердің бірі. Жаңа өмірдің оянуын бейнелейтін бұл мерекені көпұлтты Қазақстанда тұратын барлық халықтар ерекше қадірлейді. Наурыз өткен және қазіргі замандағы дәстүрлердің сабақтастығын білдіретін маңызды оқиға бола отырып, қазіргі заманға үйлесімді түрде енді. Қайрат орта мектебі Наурыз мерекесіне арналған көрме ұйымдастырды.
2024 жылдың 20 наурыз күні Қайрат орта мектебінде сағат 12.00-де "Күй күмбірі" челленджіне орай С.Х. Хасенов пен С.Р. Исабекованың орындауында күй орындалды.
19.03.2024 жылы Қайрат орта мектебі жанындағы "Балапан" шағын орталығында "Әз Наурыз, қош келдің!" тақырыбында наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік ұйымдастырылды.
2024 жылдың 15 наурыз күні мектептің әлеуметтік ұстазы Капарова М. Ж. ата-аналармен зиянды әрекеттер туралы, оның ішінде вейп, темекі шегу, есірткі сияқты заттардың денсаулыққа тигізер қауіпі туралы әңгіме жүргізді.